Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулык, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысайтын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір озіне ғашық болсын. Сүйгеніне сүрынбей жет, сүрініп қалсан еңбектеп жет!
Туған күн құтты болсын!
Бірінші- ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші- адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші- тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші- қатарыңда кемелді бол.
Бесінші- берекелі, беделді бол.
Алтыншы- арыстандай айбатты бол,
Жетінші- жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрыңғы жақсылармен теңесті бол.
Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Баурым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!